Face Care FAQ

Бет күтіміне байланысты сұрақтарыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар – мұнда.

БЕТ КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА?

1. ЫЛДҒАЛДАНДЫРУ БЕТ ТЕРІСІ ҮШІН НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Тері саулығын сақтау үшін оған су қажет. Мүйізді қабаттағы судың мөлшері 10 бастап 30 % дейін, ал төменгі қабаттарында – одан артық болады. Мінсіз ылғалданған тері – тегіс және созылғыш, оның қорғаныс функциялары бұзылмаған. Сусыз тері солғын тартып,  қабыршақтанып кетеді. Онымен қоймай, құрғақ тері созылғыштығын жоғалтады, нәтижесінде онда барьерлік функцияның бұзуына алып келетін микрожарықтар пайда болады. Сондықтан сау және теңгерімді тері үшін ылғалдандырудың мәні бірінші орында. NIVEA ұсынған бет күтіміне арналған құралдар сіздің теріңізге ылғалдық пен қуат береді.

2. БЕТТІҢ ҚҰРҒАҚ ТЕРІСІНЕ ТИІМДІ КҮТІМ ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Беттің құрғақ терісіне ең жақсы күтім – жұмсақ тазарту, ылғалдандыру мен нәрлендіру арасындағы оңтайлы теңгерім. NIVEA ұсынған құрғақ теріге арналған құралдар арнайы осы теңгерімді сақтау үшін дайындалған. NIVEA ұсынған құрғақ теріге арналған тазартқыш құралдар макияжды және бет терісін кірден мұқият тазартады. Олар сіздің теріңізге оның су теңгерімін бұзбай күтім жасайды. NIVEA ұсынған күтімге арналған құралдар теріні ылғалға толтырады және липидтердің жетіспеушілігін толықтырады. Олар оның қорғаныс барьерін сақтайды және ылғалды жоғалтудың алдын алады. Сонымен қатар олар теріні қуаттандырады, оны тегістеп, жақсы рең береді. Құрғақ теріге күтім жасау үшін NIVEA арнайы құралдарды ұсынады, мысалы NIVEA Nourishing Day Care, NIVEA Indulging Cleansing Milk немесе NIVEA Gentle Cleansing Cream.

3. БЕТ ТЕРІСІНІҢ ҚҰРҒАҚТЫҒЫН ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ТУҒЫЗАДЫ?  

Терінің мүйізді қабаты (Stratum Corneum) гидролипидті қабықшамен жабылған. Олар бірлесе отырып, ағзаны бактериялық жұқпалардан қорғайтын, сонымен қатар терінің су теңгерімінің сақталуына жауап беретін қорғаныс барьерін түзеді. Терінің табиғи барьерінің бұзылуы судың жоғалуына алып келеді. Тері құрғақтығының себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы факторлар – бұл жел, ауаның төменгі ылғалдылығы, қоршаған ортаның жоғарғы және төменгі температуралары, УК-сәулелену, сонымен қатар жылытылатын бөлмелердегі құрғақ ауа сияқты климаттық жағдайлар. Сол сияқты зиянды әдеттер, мысалы агрессивті тазартқыш құралдарды, кейбір дәрілерді қолдану, стресс, сұйықтықты жеткіліксіз пайдалану және белгілі бір тамаққа құмарлық сияқты себептер айтарлықтай рөл ойнайды. Сонымен қатар тері құрғақтығының себептеріне гормондық ерекшеліктер, аурулар немесе терінің қартаюы сияқты ішкі факторлар да болуы мүмкін.  

4. БЕТТІ ТАЗАРТУ ҮШІН НЕГЕ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ?

Тазарту – сіздің теріңіздің табиғи сұлулығы мен денсаулығын сақтау процессіндегі бірінші кезең. NIVEA ұсынған тазартқыш құралдар макияжды, тері майын және кірді мұмсақ, бірақ мұқият тазартады, сонымен қатар теріні құрғатпайды және оның қышқылдық қорғаныс қабатын бұзбайды. Сондай-ақ, NIVEA ұсынған тазартқыш құралдар терінің нақты түрінің қажеттілігіне байланысты әсер етеді. Осылайша, тері күтімнің келесі кезеңдеріне оңтайлы дайындалады. 

5. ТЕРІДЕГІ КЕҢЕЙІП КЕТКЕН САҢЫЛАУЛАРДЫ ҚАЛАЙ КІШІРЕЙТУГЕ БОЛАДЫ? 

Осындай бет терісін күту бойынша алғашқы қадам – жуынуға арналған құралдардың көмегімен оны артық тері майынан күн сайын тазарту, кейіннен теріңіздің түріне сәйкес келетін тоникті қолдану. Одан басқа, аптасына 1-2 рет бет терісін тереңінен тазарту үшін скраб немесе маска қолдануға кеңес беріледі. Бұндай тері үшін NIVEA ұсынған жеңіл ылғалдандырғыш әсері бар құралдар ұсынылады.   

6. ПИЛИНГКЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Қалыпты, аралас және проблемалы тері үшін тазартқыш құралдарға қосымша аптасына 1-2 рет бетке арналған скраб қолдануға кеңес беріледі. NIVEA ұсынған пилингке арналған құралдар терінің беткі қабатын тері майының артығы мен кірден мұқият тазартады, сонымен қатар жеңіл механикалық әсердің көмегімен өлі жасушаларды күс етіп түсіреді. NIVEA NIVEA Skin Refining Scrub немесе NIVEA Anti-Blemish 3-in-1 Cleanser сияқты пилингке арналған арнайы құралдарды ұсынады. 
Терісі сезімтал адамдар үшін пилингке арналған құралдарды жиі қолдануға болмайды, ал қолданар алдында өнім олардың тері түріне жарамды екендігіне көз жеткізу қажет.

7.  ТОНИКТІ БЕТ ТЕРІСІНЕ АРНАЛҒАН ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРАЛДАРМЕН БІРГЕ ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ? 

Тазартқыш құралдар теріні косметикадан, тері майынан және кірден жұмсақ, бірақ мұқият тазартады. Сонымен қатар біздің жаңа мицеллярлы суымыз кірпік бояуының суда еритін қалдықтарын кетіруге көмектеседі. Тоник сіздің теріңізді тазарту процессін аяқтайды. Ол макияждың қалдығын кетіреді, сонымен қатар теріні сергітеді және ылғалдандырады. Құрғақ немесе сезімтал теріге арналған NIVEA Toner тыныштандыратын әсері бар, ал NIVEA Aqua Effect Toner аралас теріге арналған – тегістегіш әсер береді. Тоникті пайдалану сіздің теріңізді тереңінен тазартады және әдеттен тыс сергектік сезіміне бөлейді.  

8. КӨЗ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ТЕРІ ҮШІН АРНАЙЫ КҮТІМ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Көз айналасындағы тері өзінің қасиеттері бойынша беттің басқа жағындағы теріден өзгеше. Көз айналасындағы тері және оның астындағы тері өте жұқа және оның тері астындағы-майлы ұлпасы өте әлсіз дамыған. Бұл тері өте сезімтал, сондықтан ол ағзадағы өзгерістерге, әсіресе суды ұстап қалу және таратуға байланысты өзгерістерге бірінші болып әсер етеді. Осындай өзгерістердің пайда болуына көз айналасындағы қара шеңберлер немесе ұсақ әжімдердің пайда болуы жатады. NIVEA ұсынған көз айналасындағы тері күтіміне арналған, мысалы NIVEA Q10 Anti-Wrinkle Eye Care сияқты, құралдар теріні өте ұқыпты күтеді және хош иістендіргіштері жоқ. Әжімдерді тегістеп және көз астындағы қара шеңберлерді көзге көрінбейтіндей етіп, олар сіздің теріңізге тегістік пен әдемілік сыйлайды.  

9. КЕШКІ УАҚЫТТА АРНАЙЫ ТҮНГІ КРЕМДІ НЕ ҮШІН ЖАҒУ ҚАЖЕТ?

Кешкі және түнгі уақытта, біздің теріміз анағұрлым босаңсып тұрғанда, тері жасушаларының регенерация процессі жылдамдатылады. Дәл сондықтан тері күтімі бойынша түнгі құралдар ең алдымен теріге қажетті нәрлендіру мен ылғалдандыруды бере отырып, регенерация процессін қолдауы тиіс. Осыған байланысты түнгі уақытта теріге арнайы бейімделген кремдер жағу қажет. Тері күтімі бойынша түнгі құралдардың күндізгі құралдарға қарағанда регенеративті әсері күштірек, бірақ өзгешелігі де бар – олар қосымша УК-қорғаныспен қамтамасыз етпейді, өйткені ол түнгі уақытта қажет емес.  

10. ТЕРІНІҢ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ҚАРТАЮ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Терінің мерзімінен бұрын қартаюы көптеген себептермен орын алады. Олардың ең маңыздысы күннің УК-сәулесі болып табылады, бірақ теріс өмір салты немесе психологиялық қартаю сияқты басқа да сыртқы әсерлер бар. Бұл факторлар терінің мерзімінен бұрын қартаюының негізгі себебі болатын бос радикалдардың артық пайда болуына жол береді.  NIVEA SPF-қорғанысы бар NIVEA Moisturizing Day Care SPF 15 немесе Q10 Anti-Wrinkle Day Care SPF 15  немесе SPF 30 сияқты бет терісінің күтімі үшін арнайы құралдарды ұсынады.

11. ТЕРІГЕ КҮТІМ БЕРЕТІН КҮНДІЗГІ ҚҰРАЛДАРДА КҮННЕН ҚОРҒАУ СҮЗГІСІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ ПЕ?

Терінің мерзімінен бұрын қартаюының негізгі себебі – күннің УК-сәулелері, сондықтан NIVEA теріні УК-сәулелердің жағымсыз әсерінен қорғайтын УК-сүзгілері бар бет күтіміне арналған құралдарды әзірледі. Ылғалдандырғыш кремнің негізгі әсері теріге жастық пен саулық беретін терінің ылғалдылық деңгейін арттырудан тұрады. УК-сүзгілері бар ылғалдандырғыш крем күннің УК-А және УК-В сәулеленуінен қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді. NIVEA ұсынған бет күтімі бойынша құралдардың SPF-қорғаныс деңгейі әр түрлі, сондықтан қаптамадағы УК-сүзгі туралы ақпаратты үнемі тексеріңіз. NIVEA ұсынған SPF-қорғанысы бар, бет күтімі бойынша құралдар, мысалы, SPF-15 бар NIVEA Moisturizing Day Care теріні күнделікті күн жарығынан қорғайды. Егер сіз күннің астында ұзақ уақыт болғанда, мысалы сіз күнге күйгенде немесе жүзгенде, тері күтімі бойынша арнайы құралдарды қажет етсеңіз,  біздің NIVEA ұсынған күннен қорғау сериясының арнайы әзірленген құралдары әбден жарамды.

12. ҚЫСТА ЖӘНЕ ЖАЗДА БІРДЕЙ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА? 

Бет терісінің күйі жыл мезгіліне байланысты өзгеруі мүмкін. Қыста тері әдетте жаздағымен салыстырғанда құрғақ болады. Тері түрі жыл бойы өзгерсе де, терідегі өзгерістер әр түрлі дәрежеде өтеді. Егер сіздің бет теріңізге жыл бойы күтім жасайтын оңтайлы тері күтіміне арналған құралдар сериясын тапсаңыз, онда қандай да бір басқа өнімдер қатарына ауысудың қажеті жоқ. Егер сіздің теріңіз қысқы уақытта жеткілікті күтім немесе ылғалдандыру алмайтынын сезсеңіз, онда анағұрлым қанық және ылғалдандырғыш құралдарды, мысалы NIVEA Moisturizing Day Care немесе NIVEA Nourishing Day Care сияқты құралдарды пайдаланудың маңызы бар.

13. «КОМЕДОГЕНДІ ЕМЕС» ТЕРМИНІ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Комедогенді емес құралдар деп тері саңылауларын бітемейтін және бетте комедондарды, яғни қара нүктелерді болдырмайтын құралдар аталады. Тері саңылаулары түрлі себептермен бітелуі мүмкін. Олардың біріне май бездерінің бітелуіне және қара нүктелердің пайда болуына алып келетін тері майының жиналуы жатады. Комедогенді емес тазартқыш құралдар және тері күтіміне арналған өнімдер проблемалы тері (негізінен майлы және аралас тері түрі) үшін ерекше қажет.

Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен сайттағы кері байланыс үлгісінің көмегімен хабарласуыңызды өтінеміз.