Жастық келбетті сақтаудағы құпиям? Q10 коэнзимі бар күтім құралы!


ТЕРІҢІЗДІҢ ЖАСТЫҒЫН САҚТАҢЫЗ

Егер құтылудың жолы бар болса, егде көрінудің қажеті қанша? Q10 коэнзимі бар әжімге қарсы құралдарды қолдана отырып, сіз терінің уақытынан бұрын қартаюына жол бермейсіз.

Q10 коэнзимі бар әжімге қарсы құралдар

Терісі жас әрі шымыр болғанын кім қаламайды? Терінің қартаю үрдісі біздің қаншалықты салауатты өмір салтына жақынбыз, соған байланысты әр адамда әр түрлі, тез де, баяу да болуы мүмкін. NIVEA Q10 құралы жас ерекшелік күтім қажет кезде көмекке келеді.

Q10 коэнзимі туралы дерек

Q10 коэнзимі немесе жай ғана Q10 ағзада табиғи жолмен өндіріледі және оның жасушаларының жұмысына маңызды үлес қосады. Бұл коэнзим дәрумендер сияқты бүкіл денеге таралған және өмірлік маңызы бар сансыз үрдістерді қолдайды. Сондай-ақ Q10 коэнзимі митохондрияларда жасуша қуатын өндіру үшін қажет. Бұдан басқа ол жасушалардың ішкі және сыртқы еркін радикалдарына тойтарыс бере отырып, антиоксидант секілді әрекет етеді. Еркін радикалдар терінің қартаюын тездетеді және жасушаларды зақымдайды. Соған қоса, Q10 коэнзимі тері үстіндегі жасушалардың липидтері мен жарғақшасында болады, сондай-ақ антиоксиданттың ролін атқарады. Q10 коэнзимі теріні УК сәулелері әсерінің салдарынан зақымдалудан қорғайды.

 

NIVEA компаниясы жүргізген зерттеулердің нәтижелері

Барлық NIVEA құралдары өзінде Beiersdorf компаниясының инновациялардың дамыған мәдениеті мен тері қасиеттерін зерттеу бойынша ғасырдан астам уақыт бойғы тәжірибесі үйлескен.

NIVEA зерттеу бөлімі ширек ғасырдай уақыттан бері Q10 коэнзимінің әрекетін белсенді зерттеп келеді. Біздің ғалымдар Q10 коэнзимінің адам терісі тіршілігіндегі ролін белсенді зерттеп келеді және 1998 жылдан бастап-ақ күтім жасау құралдарына бұл ферментті қоса бастаған. Қазіргі күні Q10 қосылған өнімдер әлемнің барлық жерінде өте танымал: әрбір екі секунд сайын бір NIVEA Q10 құтысы сатылады.

Теріге қуат пен қорғаныстың жақсы желісі қажет

Q10 коэнзимі теріге қиындығы мол күйзелістен қорғау мен қуатты өндіру үшін қажет. Алайда жылдар өткен сайын біздің теріміздегі Q10 коэнзимі төмендейді. Q10 коэнзимі бар жас еркшелік өнімдері теріге тиімді қолдау береді.

Q10: ғылыми жаңалық ашу

  • Америка ғалымы Фредерик Крейн (Frederick L. Crane) коэнзимді 1957 жылы ашты.
  • Британ химигі Питер Деннис Митчелл (Peter Dennis Mitchell) Q10 жасушаларға қалай әсер ететін түсіндірді. Ол 1978 жылы химия бойынша осы тақырыпқа арналған жұмысы үшін Нобель сыйлығын алды.
  • Beiersdorf ғалымдары бірінші болып Q10-ның теріге әсерін зерттеді және 1998 жылы оны күтім жасау өнімдерінде қолдана бастады.

Q10 коэнзимінің қасиеттері

Ағзадағы Q10 коэнзимінің маңызды қызметтерінің қатарына қуат өндіру мен жасушаны қорғау жатады.

Q10 коэнзимін сіздер үшін зерттейміз

Q10 коэнзимі бар құралдарын теріге жаққан соң, ол оның сыртқы қабатына енеді. Осылайша, тұрақты қолдану барысында тері бұл құнды заттекті жеткілікті түрде алады.

Q10 коэнзимін сіздер үшін зерттейміз

Гамбургтың Beiersdorf зерттеу орталығындағы біздің ғалымдар осымен бірнеше ондаған жылдар бойы теріге күтім жасайтын Q10 коэнзимі бар құралдарды жасаудағы халықаралық стандарттарды орнатып келеді.

Q10 коэнзимін сіздер үшін зерттейміз

NIVEA компаниясының ғалымдары бірінші болып, Q10 коэнзимін халық тұтынатын күтім жасау құралдарының құрамына қосты.


NIVEA-ның целлюлит пен әжімге қарсы Q10 коэнзимі бар өнімдері

Q10 бұрыннан бері жас ерекшелік теріге күтім жасау құралдарының бағалы құрауышы болып саналады және Q10 NIVEA өнімдер қатарында қолданылады.

Жасару тек бетке ғана қатысты емес

Бетке күтім жасауға арналған Q10 коэнзимі бар NIVEA өнімдері

Беттің терісі сезімтал және күн сайын қоршаған ортаның әсеріне шалдығады. Сондықтан, күндізгі кремді, мысалы, NIVEA Q10 Plus Anti-Wrinkle Energy Day Care SOF 15 қолданған сондай маңызды

Жасару тек бетке ғана қатысты емес

Қолға күтім жасауға арналған Q10 коэнзимі бар NIVEA өнімдері

Қолына қарап адамның жасын анықтауға болады. Өзіңізді қолға арналған ылғалдандырғыш креммен, мысалы, NIVEA Q10 Anti Age Hand Creme кремімен еркелетіңіз. Ол терінің алғашқы қартаю белгілерінің пайда болуына тиімді түрде жол бермейді.

Жасару тек бетке ғана қатысты емес

Денеге күтім жасауға арналған Q10 коэнзимі бар NIVEA өнімдері

Жас ұлғая келе дененің бүкіл терісінің тығыздығы мен созылғыштығы жоғалады. NIVEA Q10 Firming Body Lotion тұрақты қолдану барысында бар-жоғы екі аптаның ішінде теріні нығайтады!

Q10 коэнзимі бар әжімге қарсы құралдар теріңіздің барлық қажеттіліктеріне жауап береді

NIVEA Q10plus Serum

NIVEA зерттеу орталығы Q10-ның теріге ықпалы туралы терең білім мен көп жылдық тәжірибе жинақтады. Енді осының арқасында сіз *Q10plus Anti-Wrinkle Serum Pearls* тиімділігі жоғары жаңа формуласының артықшылықтарын пайдалана аласыз.

Патенттелген әсер

NIVEA Q10plus Anti-Wrinkle Serum Pearls инновациялық құралының құрамы қалған NIVEA Q10plus Anti-Wrinkle әжімге қарсы бүкіл өнімдер қатарымен салыстырғанда терінің табиғи құрауышы Q10 коэнзимінің ең көп мөлшерінен тұрады. NIVEA-ның тарихында алғаш рет Q10plus active pearls құралдары әжімге қарсы тиімділігі жоғары сарысуды жасау үшін гидрогельмен қосылады. Бұл Q10-ды, гиалурон қышқылы мен креатинді қамтыған патенттелген бірегей формула әжімдерді айтарлықтай азайтады және оларға уақытынан бұрын пайда болуға жол бермейді. Ол теріге мінсіз өң бере отырып, оны тегістейді және жасартады.

 

Үздіксіз сергектік: белсенді мөлшерлеуіш арқасында

Әжімге қарсы сарысудың теріге әсері оны әр кез қолданған сайын қайтадан белсенді болады. Мөлшерлеуішті басқанда оған өте ұсақ маржандар жиналады да, гидрогелмен араласып, теріге жеңіл сіңетін пайдалы сарысуды түзеді. Тамаша нәтиже үшін NIVEA Q10 plus Anti-Wrinkle Serum Pearls бет терісіне күн сайын таңертең және кешке жағу қажет. Бұл құрал терінің қыртысын жазып, тегістейтіндіктен макияж үшін таптырмайтын негіз болып табылады.


Жастықты ұзақ уақытқа сақтаңыз!

Әжімдермен күресуде жақсы нәтижелерге жету үшін өз жағдайыңызды ойластыру маңызды. Дұрыс тамақтану, қозғалысты өмір салты және қалыпты ұйқы терінің жастығы мен созылғыштығын ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі.

Денеңіз бен теріңізді ұзаққа шымыр етіп сақтаудың жолдары

Көбірек қозғалыңыз

Дене белсенділігі терінің жағдайына жақсы әсер ететін қан айналымын жақсартады. Бұдан басқа, ол иммундық жүйені нығайтады. Бұл үшін спортпен айналысудың да қажеті жоқ. Лифтті пайдаланудың орнына жай ғана баспалдақпен көтерілудің өзі жеткілікті — теріңіз сізге риза болады.

Денеңіз бен теріңізді ұзаққа шымыр етіп сақтаудың жолдары

Өзіңіздің тамақтануыңызды қадағалаңыз

Кальций, темір және С дәрумені терінің қартаю белгілерінің пайда болуының алдын алады. Сондықтан өз тағам мәзіріңізге көкөніс, балық және бұршақ өнімдерін қосыңыз.

Денеңіз бен теріңізді ұзаққа шымыр етіп сақтаудың жолдары

Ұйқыңызды қандырыңыз

Ұйқының толық болуы тері жасушаларының жұмысын белсенді етеді. Ұйықтау кезінде дене қайта қалпына келудің түрлі бағдарламаларын қосады. Егер сіз өз ағзаңызға түн сайын 7-8 сағат ұйықтауға мүмкіндік берсеңіз, оның алғысын сау және жаңарған теріден көресіз.